locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дастан Сатпаевтің Лондонның «Челси» клубымен келісімшарты ресми түрде күшіне енді

Ағылшын командасының сапында шабуылшы маусым алдындағы бірнеше жолдастық матчқа қатысып, «көктер» сапындағы алғашқы голын соқты
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевтың Лондонның «Челси» клубымен келісімшарты ресми түрде күшіне енді. Бүгін, 12 тамызда, футболшы 18 жасқа толып, ағылшын клубы үшін толыққанды өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Сатпаевтың «Челси» сапына ауысқаны туралы 2025 жылдың ақпан айында жарияланған болатын. Қазақстандық шабуылшы лондондықтармен 2033 жылға дейін келісімге қол қойды. Transfermarkt деректерінше, трансфердің құны 2,4 миллион еуроны құрады.

Сатпаев «Челси» клубының жаттығу базасына 2026 жылдың шілдесінде қосылды. ФИФА-ның кәмелетке толмаған футболшылардың халықаралық трансферіне қатысты ережелеріне сәйкес, ол 18 жасқа толғанға дейін бұл ауысым толық ресімделе алмады.

Ағылшын командасының сапында шабуылшы маусым алдындағы бірнеше жолдастық матчқа қатысып, «Челси» үшін алғашқы голын соқты.

Сонымен қатар, Сатпаевтың 2026/27 маусымдағы болашағы әзірге анық емес. Бұған дейін оның мансабын жалғастыру үшін ықтимал нұсқалар ретінде бұрынғы клубы – алматылық «Қайратқа» жалға берілуі айтылған еді. Сондай-ақ, «Челси» клубымен бір иелікке кіретін француздық «Страсбурдың» да қызығушылық танытқаны хабарланған болатын.

«Челси» – Англияның алты дүркін чемпионы және сегіз мәрте Англия кубогының иегері. Лондондық клуб бес рет Англия лигасы кубогын, төрт мәрте Англия суперкубогын жеңіп алған. Халықаралық аренанада команда екі рет Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында топ жарды, сондай-ақ УЕФА суперкубогы, Конференциялар лигасы және клубтық әлем чемпионатын жеңіп алған.

Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie