Дастан Сәтпаевтың қатысуы ықтимал «Джохор» – «Челси» матчын қайдан көруге болады
9 тамызда «Челси» маусым алдындағы дайындығын Малайзия чемпионы «Джохорға» қарсы матчпен жалғастырады. Кездесу Джохор-Бару қаласында өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ойындар арасындағы үзіліс өте қысқа болғандықтан, бапкерлер штабы құрамға бірқатар өзгеріс енгізуі мүмкін. «Миланмен» кездесуден кейін Хаби Алонсо екі күн қатарынан матч өткізу оңай емес екенін айтып, «Джохорға» қарсы ойында жас футболшылардың көмегі қажет болатынын атап өтті.
Алаңға шығуға мүмкіндік алуы ықтимал ойыншылардың бірі - Дастан Сәтпаев. Қазақстандық шабуылшы «Миланға» қарсы кездесуде ойнаған жоқ. Сондықтан Малайзиядағы матч Сәтпаев үшін өзін көрсетуге берілген кезекті мүмкіндік болуы мүмкін.
- Матчтың барлық жарқын сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz! арнасында қолжетімді.
Қазірге дейін Дастан «Челси» сапында үш жолдастық кездесу өткізді. 28 шілдеде «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы негізгі құрамда шығып, алтыншы минутта гол соқты. Лондондықтар сол ойында 6:4 есебімен жеңіске жетті. Кейін Сатпаев «Тоттенхэммен» (1:2) және «Ювентуспен» (0:1) өткен кездесулердің екінші таймында алаңға шықты.
«Челси» маусым алдындағы дайындық барысында төрт матч өткізді. Алонсо шәкірттері «Вестерн Сидней Уондерерс» пен «Миланды» жеңсе, «Тоттенхэм» және «Ювентустан» жеңіліп қалды.
«Джохор» да жаңа маусымға бірнеше жолдастық кездесу арқылы дайындалды. Малайзиялық клуб «Конестаноны» 8:0 есебімен ойсырата жеңіп, «Картахенадан» 2:0 есебімен басым түсті. Сондай-ақ «Эльчемен» 0:0 есебімен тең ойнап, «Аль-Иттифакқа» 2:3 есебімен есе жіберді.
«Джохор» – «Челси» матчы 9 тамызда Қазақстан уақытымен 17:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын осы жерден көруге болады.
