Дастан Сәтпаев ойнауы мүмкін «Челси» – «Ювентус» матчын қайдан көруге болады
«Челси» мен «Ювентус» маусымалды дайындық аясында жолдастық матч өткізеді. Кездесу 5 тамыз күні Гонконгтағы «Кай Так» стадионында өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жаңа маусымға дайындық барысында «Челси» екі жолдастық матч өткізді. Хаби Алонсо шәкірттері алдымен аустралиялық «Вестерн Сидней Уондерерсті» 6:4 есебімен жеңсе, кейін ағылшынның «Тоттенхэмінен» 1:2 есебімен жеңілді. Дәл осы алғашқы ойында қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев лондондық клуб сапындағы алғашқы голын соқты.
- Матчтың барлық жарқын сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz! арнасында қолжетімді.
Ал «Ювентус» маусымаралық кезеңде үш кездесу өткізіп, бельгиялық «Стандардты» (1:0) және франциялық «Ниццаны» (2:0) жеңді. Сондай-ақ швейцариялық «Базельмен» 0:0 есебімен тең түсті.
«Челси» мен «Ювентус» соңғы рет 2021 жылдың қараша айында Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде кездескен. Ол ойында лондондық клуб 4:0 есебімен ірі жеңіске жетті.
Матч Қазақстан уақытымен 16:30-да басталады. Ойынның тікелей трансляциясы осы сілтеме арқылы қолжетімді болады.