Словакия құрамасы Қазақстанға қарсы матчқа өтінімін жариялады
Владимир Вайсстың алдағы терезеге таңдауы 26 футболшыдан тұрады
ФОТО: Getty Images
Словакия құрамасының бас жаттықтырушысы Владимир Вайсс алдағы Ұлттар лигасы матчтарына, соның ішінде 29 қыркүйекте Қазақстанға қарсы өтетін ойынға қатысатын футболшыларды таңдады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Словактардың қыркүйек-қазан айларындағы жалпы тізімі 48 футболшыдан тұрады: 26 ойыншы негізгі құрамда, тағы 22-сі резервте. Негізгі өтінім төмендегідей:
- Қақпашылар: Мартин Дубравка («Тоттенхэм Хотспур», Англия), Доминик Грейф («Олимпик Лион», Франция), Якуб Суровчик («Спарта» Прага, Чехия), Доминик Такач («Слован» Братислава)
- Қорғаушылар: Давид Ганцко («Атлетико» Мадрид, Испания), Адам Оберт («Кальяри», Италия), Иван Месик («Гераклес» Алмело, Нидерланд), Хуго Павек («Тренчин»), Денис Вавро («Вольфсбург», Германия), Мартин Вальент («Мальорка», Испания), Милан Шкриньяр («Фенербахче», Түркия), Любомир Шатка («Самсунспор», Түркия)
- Жартылай қорғаушылар: Станислав Лоботка («Наполи», Италия), Петер Покорный («Слован» Братислава), Матуш Беро («Бохум», Германия), Ондрей Дуда («Аль-Иттифак», Сауд Арабиясы), Марио Сауэр («Тулуза», Франция), Томаш Риго («Сток Сити», Англия), Михал Фашко («Жилина»), Томаш Суслов («Эллас» Верона, Испания)
- Шабуылшылар: Лукаш Гараслин («Спарта» Прага, Чехия), Нино Марцелли («Слован» Братислава), Лео Сауэр («Фейеноорд», Нидерланд), Давид Дюриш («Русенборг», Норвегия), Адриан Капралик («Хольштайн» Киль, Германия), Иван Шранц («Славия» Прага, Чехия), Давид Стрелец («Мидлсбро», Англия), Томаш Бобчек («Фрозиноне», Италия), Роберт Боженик («Сток Сити», Англия), Эрик Прекоп («Гурник» Забже, Польша)
Команда сапында бірден бес дебютант бар: Доминик Такач, Хуго Павек, Петер Покорный, Михал Фашко және Нино Марцелли.
Еске салайық, Словакия мен Қазақстан құрамалары арасындағы матч 29 қыркүйекте Словакияның Кошице қаласында өтеді. Сондай-ақ қыркүйек-қазан айларындағы терезеге Джон ван’т Схиптің таңдауы да белгілі болды.