locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» «Валенсияны» ірі есеппен жеңіп, Испания чемпионатында «Барселонамен» ұпай санын теңестірді

Мадридтің «Реалы» Испания Ла Лигасының 12-турында ірі жеңіске жетті
Футбол
ФОТО: Getty images
Ла Лига Испания
07.11.2026, Аяқт.
Валенсия
0
Реал Мадрид
3

Мадридтік «Реал» Испания чемпионатындағы жеңісті сериясын жалғастырды. «Месталья» стадионында өткен кездесуде корольдік клуб алаң иелері «Валенсияны» 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Мадридтіктер алғашқы минуттардан-ақ ойын тізгінін өз қолына алып, үзіліске дейін екі гол соқты. 28-минутта Федерико Вальверде есеп ашса, араға сегіз минут салып Арда Гүлер командасының басымдығын арттырды.

Екінші таймда «Валенсия» ойын барысын өзгертуге тырысқанымен, «Реалдың» қорғанысын бұза алмады. Ал 75-минутта Килиан Мбаппе қарсылас қақпасын дәл көздеп, есепті 3:0-ге жеткізді.

Төрт минуттан кейін алаң иелерінің жағдайы одан әрі қиындай түсті. «Валенсияның» капитаны әрі қорғаушысы Хосе Гайя қызыл қағаз алып, командасын он ойыншымен қалдырды. Қалған уақытта есеп өзгерген жоқ.

Испания чемпионаты. Ла Лига. 12-тур
«Валенсия» – «Реал» (Мадрид) – 0:3 (0:2)
Голдар:
Вальверде, 28 (0:1); Гүлер, 36 (0:2); Мбаппе, 75 (0:3).
Алаңнан қуылды: Гайя, 79 («Валенсия»).

Осы жеңістен кейін «Реал» 30 ұпай жинап, турнирлік кестеде «Барселонамен» теңесті. Дегенмен каталониялық клуб соғылған және жіберілген голдар айырмашылығы бойынша бірінші орында тұр. Оның үстіне Ханси Фликтің шәкірттері 12-турдағы кездесуін әлі өткізген жоқ.

Бұл мадридтік команданың барлық турнирдегі қатарынан сегізінші жеңісі болды. «Реал» чемпиондық бәсекедегі мүмкіндігін сақтап қалса, «Валенсия» турнирлік кестенің төменгі бөлігінде қалып отыр.

12 турдан кейін валенсиялық клубтың еншісінде небәрі тоғыз ұпай бар. Команда 19-орында орналасқан.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie