locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Жанкүйерлердің алдында ұяттымыз»: «Қайсар» бапкері Қазақстан кубогының финалындағы ірі жеңілістің себебін түсіндірді

«Қайсар» бапкері «Ордабасыдан» жеңілгеннен кейін жанкүйерлерден кешірім сұрады
Футбол
«Жанкүйерлердің алдында ұяттымыз»: «Қайсар» бапкері Қазақстан кубогының финалындағы ірі жеңілістің себебін түсіндірді
ФОТО: ФК Ордабасы
Қазақстан Кубогы
07.11.2026, Аяқт.
Ордабасы Шымкент
4
Кайсар
1

Қазақстан кубогының финалында Шымкенттің «Ордабасы» командасынан жеңілген «Қайсардың» бапкерлер штабы жанкүйерлерден кешірім сұрады. Қызылордалық клубтың бас бапкерінің көмекшісі Дмитрий Карпов Премьер-лигадан шығып қалу футболшылардың психологиялық жағдайына ауыр әсер еткенін мойындады, деп хабарлайды Sports24.kz.

7 қарашада «Түркістан Арена» стадионында өткен шешуші кездесу елдің қазіргі чемпионы «Ордабасының» 4:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Матчтан кейін Карпов «Қайсар» жанкүйерлеріне маусым бойы көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, команданың олардың үмітін ақтай алмағанын жеткізді.

«Ең алдымен, жанкүйерлерімізге алғыс айтқым келеді. Олар бүгін ғана емес, бүкіл маусым бойы бізге қолдау көрсетті. Олардың алдында ұяттымыз, сондықтан осындай нәтиже үшін кешірім сұраймыз. Қарсыласымыздың қаншалықты мықты екенін жақсы білдік. «Ордабасы» чемпиондық атақты кездейсоқ жеңіп алған жоқ, ал бүгін «алтын дубльге» әбден лайық екенін көрсетті. Финалда тактикалық және физикалық дайындықпен қатар, психологиялық жағдай да маңызды рөл атқарады. Премьер-лигадан шығып қалу бізге ауыр соққы болды. Одан кейін команданың еңсесін көтеруге тырыстық, бірақ ойыншылардың психологиялық тұрғыдан толық қалпына келуіне қол жеткізе алмадық. «Ордабасыны» жеңісімен құттықтаймын», – деді Карпов.

Еске салайық, «Қайсар» 2026 жылғы маусымды Қазақстан Премьер-лигасының соңғы орнында аяқтап, жоғары дивизионнан шығып қалды. Ал ел кубогының финалындағы жеңіліс қызылордалықтарды маусымды жүлдемен аяқтау және еурокубокқа жолдама алу мүмкіндігінен айырды.

Бұдан бөлек, Бірінші лигаға ауысқаннан кейін клуб құрамын қайта қарауға мәжбүр болады. Аталған біріншіліктегі шетелдік футболшыларға қойылған шектеулер «Қайсарға» қазіргі легионерлерінің барлығын сақтап қалуға мүмкіндік бермейді.

Ал «Ордабасы» Андрей Мартиннің жетекшілігімен өз тарихында алғаш рет бір маусымда Қазақстан чемпионаты мен ел кубогын қатар жеңіп алып, «алтын дубль» жасады.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie