locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ATP-2026 қорытынды турниріне қатысатын теннисшілер белгілі болды: Александр Бублик тізімге енді ме

Қазақстандық Александр Бублик қатысушылардың соңғы тізіміне енген жоқ
Теннис
ATP-2026 қорытынды турниріне қатысатын теннисшілер белгілі болды: Александр Бублик тізімге енді ме
ФОТО: Getty images

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) 15–22 қараша аралығында Туринде өтетін 2026 жылғы қорытынды турнирдің толық құрамын жариялады. Маусымның басты жарыстарының біріне жолдама алған сегіз спортшының арасында Қазақстан өкілі Александр Бублик жоқ, деп хабарлайды Sports24.kz.

Соңғы жолдаманың тағдыры Париждегі «Мастерс» турнирінің ширек финалынан кейін шешілді. Испаниялық Карлос Алькарас америкалық Тейлор Фритцті жеңіп, оның Туриндегі жарысқа қатысу мүмкіндігін жойды. Нәтижесінде сегізінші жолдама 20 жастағы Рафаэль Ходарға бұйырды.

Жас испаниялық теннисші үшін бұл алғашқы қорытынды турнир болмақ. Бір жыл бұрын ғана студенттер арасындағы жарыстарда өнер көрсеткен Ходар енді маусымды әлемнің үздік ойыншыларымен бірге аяқтауға мүмкіндік алды.

ATP-2026 қорытынды турниріне қатысатын теннисшілер:

1. Александр Зверев (Германия)
2. Карлос Алькарас (Испания)
3. Бен Шелтон (АҚШ)
4. Даниил Медведев (Ресей)
5. Флавио Коболли (Италия)
6. Артур Фис (Франция)
7. Фрэнсис Тиафо (АҚШ)
8. Рафаэль Ходар (Испания)

673 558.743,79.167 560.652,78.425 C562.623,77.658 564.297,76.634 565.965,74.965 C567.633,73.296 568.659,71.625 569.425,69.651 C570.167,67.743 570.674,65.562 570.82,62.369 C570.966,59.17 571,58.147 571,50 C571,41.851 570.966,40.831 570.82,37.631">

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от BB Tennis (@bb.tennis)

Биыл төрт теннисші қорытынды турнирде алғаш рет бақ сынайды. Олар – Рафаэль Ходар, Флавио Коболли, Артур Фис және Фрэнсис Тиафо.

Қатысушылар арасында бұл жарыста ең көп тәжірибе жинаған спортшы – Александр Зверев. Неміс теннисшісі 2018 және 2021 жылдары қорытынды чемпионаттың жеңімпазы атанған. Ал Даниил Медведев 2020 жылы аталған турнирде топ жарған болатын.

Қазақстандық Александр Бубликке келсек, ол биыл қорытынды турнирге жолдама ала алмады. 2026 жылдың қаңтарында отандасымыз алғаш рет ATP рейтингінің үздік ондығына кіргенімен, маусым соңына қарай оның көрсеткіші төмендеді.

2 қарашадағы мәлімет бойынша, Бублик 1895 ұпаймен әлемдік рейтингтің 26-орнында тұр.

Осылайша, Қазақстан ATP-2026 қорытынды турнирінің жекелей сынында өкілсіз қалды.

Жарыс 15–22 қараша аралығында Турин қаласындағы Inalpi Arena кешенінің жабық хард корттарында өтеді. Топтық кезеңнің жеребесі 12 қарашаға жоспарланған. Әр топта алғашқы екі орын алған теннисшілер жартылай финалға жолдама алады.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie