«Валенсия» – «Реал». Онлайн көру
8 қарашаға қараған түні мадридтік «Реал» Испания чемпионатындағы кезекті кездесуін өткізеді. Бұл жолы корольдік клуб сырт алаңда «Валенсияға» қарсы ойнайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Алдағы матчқа дейін «Реал» Ла Лиганың 11 турында 27 ұпай жинады. Соңғы кездесуінде мадридтіктер «Расингті» 3:0 есебімен сенімді жеңіп, ел чемпионатындағы жеңісті сериясын төрт ойынға жеткізді.
Ал «Валенсияның» турнирлік жағдайы әлдеқайда күрделі. Команда 11 матчта небәрі тоғыз ұпай еншіледі. Дегенмен өткен турда валенсиялықтар төрт кездесуге созылған жеңіссіз сериясын тоқтатып, сырт алаңда «Эльчені» 1:0 есебімен ұтты.
Қос команданың соңғы өзара кездесулеріндегі нәтижелер мадридтік клубтың пайдасына шешілген. 9 ақпанда өткен алдыңғы ойында «Реал» қарсыласын сырт алаңда 2:0 есебімен жеңген болатын.
Соңғы бес кездесудің үшеуінде мадридтіктер басым түскен. Бір матчта «Валенсия» жеңіске жетсе, тағы бір ойында командалар тең тарқасты.
Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын Setanta Sports телеарнасынан тамашалауға болады.