locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан кубогының финалындағы «Ордабасы» – «Қайсар» матчының бейнешолуы

Қазақстан кубогы-2026 финалындағы «Ордабасы» – «Қайсар» кездесуінің бейнешолуы
Футбол
Қазақстан кубогының финалындағы «Ордабасы» – «Қайсар» матчының бейнешолуы
ФОТО: ФК Ордабасы
Қазақстан Кубогы
07.11.2026, Аяқт.
Ордабасы Шымкент
4
Кайсар
1

Бүгін, 7 қарашада Түркістандағы «Түркістан Арена» стадионында футболдан Қазақстан кубогының финалдық кездесуі өтті. Шымкенттің «Ордабасы» командасы Қызылорданың «Қайсарын» 4:1 есебімен сенімді жеңіп, өз тарихында алғаш рет «алтын дубль» жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Шымкенттік футболшылар кездесудің жетінші минутында-ақ есеп ашты. Сұлтанбек Астанов қарсылас қақпасын дәл көздеп, командасын алға шығарды. Ал бірінші таймның аяқталуына аз уақыт қалғанда норвегиялық шабуылшы Бьорн Йонсен басымдықты екі допқа жеткізді.

Үзілістен кейін Андрей Мартиннің шәкірттері шабуылдарын жалғастырды. 60-минутта Давид Абагна үшінші голды соқса, араға 11 минут салып Эльхан Астанов есепті 4:0-ге жеткізді. Қызылордалықтар кездесудің соңына қарай ғана жауап қайтара алды. 84-минутта Агостиньо Азеведо мергендік танытып, матчтың қорытынды есебін белгіледі – 4:1.

Осы жеңістің арқасында «Ордабасы» өз тарихында үшінші рет Қазақстан кубогының иегері атанды. Бұған дейін шымкенттік клуб 2011 және 2022 жылдары аталған трофейді жеңіп алған болатын.

Биыл Андрей Мартиннің жетекшілігіндегі команда Қазақстан Премьер-лигасында да топ жарды. Осылайша, «Ордабасы» алғаш рет бір маусымда ел чемпионаты мен Қазақстан кубогын қатар жеңіп алды.

«Ордабасы» – «Қайсар» (4:1) матчының бейнешолуы:

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie