locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» ағылшын Премьер-лигасының чемпионын сатып алуға дайын

«Арсенал» Рикардо Калафьориді жоғалтқысы келмейді
ФОТО: Getty Images

«Реал» «Арсеналдың» қорғаныстағы басты ойыншысы Рикардо Калафьориге көз тіккен, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Инсайдер Экрем Конур өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мадридтік «Реал» 24 жастағы италиялық қорғаушыны трансферлеу мәселесі бойынша лондондық «Арсеналмен» алғашқы байланысқа шыққанын жазды.

Бұған дейін «Реал» Калафьоридің өкілдерімен байланысып, ауысу мүмкіндігін талқылағаны айтылған, ал енді «галактикос» «Арсеналмен» тікелей келіссөздер жүргізуге дайын.

Алайда Калафьори Микель Артетаның негізгі ойыншыларының бірі болғандықтан, бұл келісімді жүзеге асыру «Реал» үшін оңай болмайын деп тұр. Биылғы маусымда италиялық қорғаушы «канонирлер» сапында 36 матч өткізіп, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берген.

Футболшының «Арсеналмен» келісімі 2029 жылға дейін жарамды, ал Transfermarkt порталының мәліметінше, қазіргі нарықтық құны 55 миллион еуроны құрайды.

Бұған дейін Жозе Моуринью «Реалдың» алты ойыншысына клубтан кетуді ұсынуы мүмкін екені хабарланған.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie