2026 жылғы әлем чемпионатында нәсілшілдікпен күресте арнайы ишара енгізіледі
Ойыншылар нәсілшілдік байқалған жағдайда қолдарын кеудесіне айқастырады
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
2026 жылғы әлем чемпионатында ФИФА енгізген нәсілшілдікпен күреске арналған арнайы ишара қолданылады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Енді ойын барысында нәсілшілдік фактісі орын алса, футболшылар қолдарын кеудесіне айқастырып, төрешілерге дискриминация туралы белгі береді. Бұл сигналдан кейін арбитр арнайы әрекет ету хаттамасын белсендіре алады.
ФИФА-ның «Нәсілшілдікке жол жоқ» атты науқаны аясында үш сатылы рәсім қарастырылған: алдымен арбитр ресми ескерту жасайды, кейін ойынды 15 минутқа тоқтатады немесе қорлау жалғасса, кездесуді мүлде тоқтата алады.
2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді. Жаздың әрі жылдың басты додасы туралы қызықты деректермен осында танысуға болады.