«Барселонада» Фликтің орнына күтпеген мұрагер аталды
«Барселона» Ханси Фликтің ықтимал кетуіне дайындала бастады және неміс маманының орнын басатын үміткерді анықтады, деп хабарлайды Sports24.kz.
DiarioAS хабарлауынша, қазіргі бас бапкер Флик клубпен келісімшартты ұзартқанына қарамастан, «Барселона» басшылығы оған лайықты ауыстырушыны іздеуге кіріскен.
Бұл шешімге Фликтің «Барселонадан» кеткеннен кейін зейнетке шығатынын және келісімшартты ұзартпайтынын мәлімдеуі себеп болған. Неміс маманы кетсе, бас жаттықтырушы қызметіне басты үміткер — «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы әрі қазіргі уақытта «Комоның» бас бапкері Сеск Фабрегас.
Фабрегастың «Комодағы» сенсациялық жетістіктері оны қазіргі кезеңдегі ең сұранысқа ие бапкерлердің біріне айналдырды. «Блауграна» өкілдері Фабрегаспен алдын ала келіссөздер жүргізіп, оның бұл жұмысқа ауызша келісімін алған.
Айта кетейік, Сеск 2011 жылдан 2014 жылға дейін «Барселонада» ойнаған және каталон клубының түлегі саналады.
Айтпақшы, бұған дейін Ла Лига 2025/26 маусымының үздік бапкерін атаған болатын.