locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Покатилов Чемпиондар лигасында ерекше жапсырмасы бар жейдемен ойнайды: мәнісі неде?

УЕФА жақында әлем чемпионатында ФИФА енгізген бастаманы қолдады
Покатилов Чемпиондар лигасында ерекше жапсырмасы бар жейдемен ойнайды: мәнісі неде?
ФОТО: ФК Сабах

УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде алғаш рет ойнайтын барлық футболшы жейдесіне арнайы жапсырма алатынын хабарлады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Еуропа футболының бас органы хабарлағандай, осындай деңгейдегі алғашқы матчын өткізетін ойыншылардың иығына тағылатын Чемпиондар лигасының жапсырмасында бұл ойыншының дебют жасап жатқанын білдіретін арнайы патч та болады.

Матчтан кейін дебютанттың жапсырмасы жейдеден алынып, футболшының өзі қол қойған, Topps компаниясы бір ғана дана етіп шығаратын бірегей карточкаға орналастырылады. ФИФА да әлем чемпионатында футболшы-дебютанттарды осылайша атап өткен еді.

Мұндай жапсырманы, сәйкесінше карточканы Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов та алады. Ол «Сабахпен» бірге Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне алғаш рет жолдама алды. Бұған дейін Әзербайжан чемпионының қақпашысы турнирдің негізгі/топтық кезеңінде өнер көрсетпеген, тек іріктеу кезеңінде 11 матч өткізген.

Покатилов мұндай беделді белгіге ие болу мүмкіндігіне қыркүйектің 11-іне қараған түні ие болады. Сол кезде «Сабах» «Манчестер Юнайтедпен» ойнау үшін «Олд Траффордқа» аттанады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie