Стас Покатилов Чемпиондар лигасы турының үздік ойыншылары құрамына енді
Қазақстан құрамасының қақпашысы, әзербайжандық «Сабах» клубының ойыншысы Стас Покатилов Чемпиондар лигасының екінші турындағы символикалық құрамаға енді, деп хабарлайды Sports24.kz.
SofaScore мәліметінше, чехиялық «Славияға» қарсы матчта қазақстандық қақпашы 9,7 балл алды. Оның көрсеткіші турдың барлық қақпашылары арасындағы ең үздік нәтиже болды.

Еске салайық, кездесу «Сабахтың» 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Покатилов алты соққыға тосқауыл қойып, командасына қақпасын голдан аман сақтауға көмектесті. Сонымен қатар Flashscore нұсқасы бойынша ол матчтың үздік ойыншысы атанды.
Осы жеңістің арқасында әзербайжандық клуб Чемпиондар лигасындағы тарихындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
«Сабах» турнирдегі келесі матчын 20 қазанда өткізеді. Покатиловтың командасы Германияның дортмундтық «Боруссиясымен» кездеседі. Бакудегі стадионда матчтың басталу ысқырығы Астана уақытымен 21:45-те соғылады.