«Сабах» Чемпиондар лигасындағы жеңісі үшін қанша табыс тапты?
Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов өнер көрсететін Әзербайжанның «Сабах» клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда чехиялық «Славияны» жеңгені үшін 2,1 миллион еуро алды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бакуде өткен матч 2:0 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасының қақпашысы алаңға капитандық таңғышпен шығып, кездесуді толық өткізді. Ол бірнеше рет командасын гол жіберіп алудан құтқарды.
49-минутта Кахим Пэррис есеп ашса, 88-минутта Джой-Ланс Миккельс алаң иелерінің басымдығын нығайтты. Осы жеңістің арқасында «Сабах» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде тарихында алғаш рет жеңіске жетті.
Матчтағы жеңісі үшін клуб УЕФА-дан 2,1 миллион еуро көлемінде сыйақы алды. Ал негізгі кезеңге шыққаны үшін әзербайжандық команда бұған дейін 18,62 миллион еуроны кепілдендірген болатын.
Осылайша, «Сабахтың» турнирге қатысқаны және «Славияны» жеңгені үшін алған жалпы сыйақысы 20,72 миллион еуроға жетті. Сонымен қатар клуб алдағы матчтардағы нәтижелері мен УЕФА-ның қосымша төлемдері есебінен табысын арттыра алады.
Стас Покатилов өнер көрсететін команда Чемпиондар лигасындағы келесі матчын 20 қазанда дортмундтық «Боруссияға» қарсы өткізеді.