Покатилов қай клубпен Чемпиондар лигасында ойнауды армандайтынын айтты
Әзірбайжандық «Сабах» командасының капитаны Стас Покатилов қай клубпен УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде кездесуді армандайтынын айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстандық қақпашы Лондонның «Арсенал» клубының жанкүйері екенін жасырмады.
«Менің сүйікті клубым – "Арсенал". Жеребе бізді кіммен түйістіретінін көреміз. Шынын айтсам, бұл клубтардың кез келгенімен, әсіресе бірінші себеттегі командалармен ойнау – кез келген футболшының арманы. Олардың стадиондарында алаңға шығу – ерекше сезім. Бұл мен үшін де ерекшелік емес.
Арманым орындалды, енді жеребе не боларын көреміз... Белгілі бір қарсылас таңдаймын немесе нақты біреумен ойнағым келеді деп айта алмаймын. Кез келген қарсыласты үздік команда әрі арманым деп қабылдаймын», – деді Покатилов.
Айта кетейік, Покатиловтың «Сабахы» өз тарихында алғаш рет ізраильдік «Хапоэльді» жеңіп, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.
Бірінші матчта израильдік команда 2:1 есебімен жеңіске жетті. Алайда қарымта кездесудегі жарқын камбэк арқасында Валдас Дамбраускастың командасы екі ойын қорытындысы бойынша 6:4 есебімен жеңіске жетті.