locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Оқжетпес» 2025 жылғы маусымға арналған жаңа спорттық формасын таныстырды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Оқжетпес» 2025 жылғы маусымға арналған жаңа спорттық формасын таныстырды
ФОТО: Оқжетпес ФК

Көкшетаулық «Оқжетпес» клубы биылғы Қазақстан Премьер-лигасы маусымына арналған жаңа жейделер жиынтығын ресми түрде ұсынды. Бірінші лигада чемпион атанып, элитаға оралған команда жанкүйерлерін заманауи әрі стильді формамен қуантты.

Негізгі жейде клуб дәстүріне сай жасалған: ақ-көк тік жолақтар «Оқжетпестің» тарихы мен бірегейлігін айқындай түседі.

Қақпашы формасы бұдан да батыл үлгіде дайындалған. Қара-сары түсті, жолбарыс бейнесіндегі өрнекпен көмкерілген жейде көз тартарлық көрініске ие. Демеушілік логотипі де ерекшеленіп тұр.

«Оқжетпес» жаңа жейдедегі алғашқы ойынын 29 наурыз күні Қызылордада «Қайсарға» қарсы өткізеді. Кездесу жергілікті уақытпен 15:00-де басталады.

Қазіргі таңда көкшетаулық клуб екі турдан кейін 3 ұпай жинап, турнирлік кестеде 8-орында тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie