locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайсардың» бас бапкері командаға ауызашар ұйымдастырды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Қайсардың» бас бапкері командаға ауызашар ұйымдастырды
ФОТО: Қайсар ФК

«Қайсар» футбол клубының бас бапкері Виктор Кумыков қасиетті Рамазан айында команда ойыншыларына құрмет көрсетіп, ораза тұтқан шәкірттеріне ауызашар ұйымдастырды. Бұл туралы Ермұхаммед Марлен хабарлады.

Ресейлік маман өзге дінді ұстанғанына қарамастан, құрбандыққа қой шалып, бүкіл командаға дастархан жайған. Мұндай ізгі амал Кумыковтың қазақ халқының салт-дәстүрі мен діни құндылықтарына деген құрметін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Биылғы маусымда «Қайсар» сапындағы ойыншылардың 90 пайыздан астамы ораза тұтып жүр. Бапкердің осындай жанашырлығы ұжым ішінде ерекше ықыласпен қабылданды.

29 наурыз күні қызылордалық клуб Премьер-лиганың 3-турында өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдайды. Бұл ойында Артем Кучин төрелік етеді. Қазіргі таңда «Қайсар» екі турдан кейін 1 ұпай жинап, турнирлік кестеде 12-орында тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie