locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қызыл қағаз бен камбек. «Қайсар» мен «Оқжетпес» ұпай бөлісті

Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
«Қайсар» мен «Оқжетпес» ұпай бөлісті
Фото: «Қайсар» ФК

29 наурыз күні Қызылордада Қазақстан Премьер-лигасының 3-тур аясында жергілікті «Қайсар» мен көкшетаулық «Оқжетпес» кездесті.

Аталған матчта қызылордалық «Қайсар» және көкшетаулық «Оқжетпес» командалары тең ойнап, ұпай бөлісті.

Алғашқы таймда қызылордалықтар жауапсыз екі гол соғып, үзіліске сенімді жеңіспен кеткен болатын. Екінші таймда Темірлан Мырзағалиев алаңнан қуылып, «қасқырлар» он футболшымен қалды. Осыдан кейін қонақтар есепті теңестірді.

ҚПЛ, 3-тур

«Қайсар» «Оқжетпес» 2:2

Голдар: Айбар Жақсылықов, 20, 38 Дамир Марат, 59, Стахинья Йованович, 89.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie