Қазақстан Прьемьер Лигасы: 29 наурызға жоспарланған матчтар және қайдан көруге болады
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: KFF
29 наурыз күні ҚПЛ-дің үшінші туры аясында екі матч өтеді.
15:00-де «Қайсар» өз алаңында «Оқжетпесті» қабылдайды, ал 16:00-де «Тұран» мен «Қайрат» кездеседі.
«Тұран» – «Қайрат» ойынын жанкүйерлер Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Екі команда да жеңіске ұмтылып, тартысты ойын күтілуде.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
«Қайрат» ел чемпионы атағын қорғаушы команда саналады. Өткен маусымда алматылықтар мерейтойлық жылында чемпиондықты жеңіп алды.
Чемпионат енді ғана басталды, командалар турнирлік кестедегі жоғары орындар үшін күресті жалғастыруда. Турдың келесі ойындары 30 наурызда өтеді.