ВИДЕО. «Оқжетпес» «Қайсарға» қарсы кездесуде қойған «әткеншегі»
29 наурызда Қазақстан чемпионатының үшінші тур ойыны Қызылорданың «Қайсар» және Көкшетаудың «Оқжетпес» (2:2) командалары арасында өтті.
Матчтың 69-минутында Мұрат Тілешевтің шәкірттері бұрыштаманы беру кезінде ерекше әрекет жасады. Шеңбер бойына тізілген көкшетаулықтар қол ұстасып, қарсыластарын таң қалдырды. Бірақ «әткеншек» жемісін бермеді – допқа бірінші болып «Оқжетпес» ойыншысы жеткенімен, бірақ алаң иелері допты ұстап қалып, қарсыластардың алаң жартысына допты шығарып жіберді.
Ойын 2:2 есебімен аяқталды. Соңғы минуттарда қонақтар Стахинья Йовановичтің арқасында гол соғып, тең нәтижені жұлып алып кетті. Матч төрешілік даусыз да қалмады – матчтан кейін «дала қасқырлары» Артем Кучиннің төрелігіне наразы болды.