«Қайсар» ойыншылары Артем Кучиннің төрешілігіне наразы
Қызылордалық «Қайсар» командасының ойыншылары көкшетаулық «Оқжетпеспен» өткен ойында Артем Кучиннің төрешілігіне наразы, деп хабарлайды «Серый CARDINAL» Telegram арнасы.
Даулы төреші Артем Кучин бір жылға жуық дисквалификациядан кейін ҚПЛ-ға оралды. Ол чемпионаттың үшінші турындағы «Қайсар» - «Оқжетпес» (2:2) кездесуіне тағайындалды.
2:0 есебі кезінде «дала қасқырлары» 10 адаммен қалып, өз алаңында чемпионаттың жаңа командасынан жеңістен айырылып қалды. Ең соңында көкшетаулықтар үшін легионер факторы ойнады. Айта кетейік, «Қайсар» сапында тек қазақстандық ойыншылар өнер көрсетеді.
Ойыннан кейін «Қайсар» Артем Кучиннің төрелігіне көңілі толмай қалды. Трибуна астындағы алаңда клуб ойыншылары арбитрдың әрекеттеріне наразылықтарын ашық білдірді.
Қызылордалықтар биылғы маусымда бірде-бір жеңіске жеткен жоқ. «Қасқырлардың» қоржынында үш ойыннан кейін бір жеңіліс және екі тең ойын бар.