Төрешілер Топурия мен Гэтжи жекпе-жегін қалай бағалағаны белгілі болды
Вашингтонда өткен UFC Freedom 250 турниріндегі Илия Топурия мен Джастин Гэтжи арасындағы чемпиондық жекпе-жектің ресми төрешілер жазбалары жарияланды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жарияланған мәліметтерге сәйкес, төртінші раунд аяқталған сәтте үш төреші де басымдықты Гэтжиге берген. Бен Картлидж, Дерек Клири және Сэл Д’Амато америкалық файтердің пайдасына бірдей - 39:37 есебін тіркеген.
Алғашқы раундта барлық төреші Гэтжиге 10:9 есебімен басымдық берді. Екінші раундта Топурия қарымта қайтарып, бұл бөлікті өз пайдасына жаздырды. Алайда үшінші және төртінші раундтарда Гэтжи қайтадан мықтырақ көрініп, төрешілердің жоғары бағасына ие болды.

Кездесудің бас төрешісі Марк Годдард болды. Төртінші раундтан кейін Топурияның бапкерлер штабы файтердің алған ауыр соққыларына байланысты жекпе-жекті жалғастыра алмайтынын мәлімдеді. Нәтижесінде кездесу тоқтатылып, Гэтжи техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, UFC ұйымының жеңіл салмақтағы толыққанды чемпионы атанды.
Бұл жеңіс Гэтжи үшін кәсіби мансабындағы 28-жеңіс болды. Сонымен қатар америкалық спортшы Топурияға ММА-дегі алғашқы жеңілісін сыйлады. Бұған дейін грузиялық файтер қатарынан 17 жекпе-жекте жеңіске жетіп, жеңілістің ащы дәмін татпаған еді.