locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Топурияны жеңгені үшін Гэтжидің қанша табыс тапқаны белгілі болды

UFC Freedom 250 турнирінің бонустары белгілі болды
Топурияны жеңгені үшін Гэтжидің қанша табыс тапқаны белгілі болды
ФОТО: Getty images

Вашингтонда Ақ үйдің жанында өткен UFC Freedom 250 турнирінен кейін UFC ұйымы кештің үздік жекпе-жегі мен үздік өнер көрсеткен файтерлерін жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Кештің үздік өнер көрсетуі» номинациясы бойынша Джастин Гэтжи мен Сирил Ган марапатталды. Екі спортшы да қосымша 425 мың доллардан (шамамен 207,5 млн теңге) сыйақы алды.

Ал турнирдің «Үздік жекпе-жегі» атағы Илия Топурия мен Джастин Гэтжи арасындағы чемпиондық кездесуге берілді. Осы үшін екі файтерге де 400 мың доллардан (шамамен 195,7 млн теңге) бонус төленді.

Сондай-ақ жекпе-жектерін мерзімінен бұрын аяқтап, негізгі номинацияларға енбеген және салмақ өлшеу рәсімінен қиындықсыз өткен спортшыларға 25 мың доллардан берілді. Бұл қатарға Шон О’Мэлли, Джош Хокит, Маурисио Руффи, Бо Никал және Диего Лопес кірді.

Еске салсақ, UFC Freedom 250 турнирінің басты жекпе-жегінде Джастин Гэтжи Илия Топурияны жеңіп, UFC-дің жеңіл салмақтағы жаңа чемпионы атанды. Төртінші раундтан кейін Топурияның бапкерлері спортшыны жекпе-жектен алып кету туралы шешім қабылдап, кездесу техникалық нокаутпен аяқталды. Осылайша грузиялық файтер кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie