Царукян Топурияның жеңілісі арқылы 2 млрд теңгеден астам қаржы тапты
UFC жауынгері Арман Царукян UFC Freedom 250 турниріндегі Джастин Гэтжи мен Илия Топурия арасындағы чемпиондық жекпе-жектің нәтижесін дәл болжап, қомақты қаржы ұтып алды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Турнирге бір апта қалғанда Царукян Гэтжидің жеңісіне 1 млн доллар көлемінде бәс тіккен. Ол кезде америкалық файтер букмекерлердің бағалауынша айқын аутсайдер саналып, оның жеңісіне 5,7 коэффициент берілген.
Осылайша, сәтті болжамның арқасында Царукян 5,7 млн доллар ұтып алды. Бұл шамамен 2,3 млрд теңгеге тең.
Турнир аяқталғаннан кейін Арман Царукян әлеуметтік желіде Илия Топурияның жеңілісіне қатысты пікір қалдырды. Оның қысқа жазбасы жанкүйерлер арасында қызу талқыланды.
«Илия «мен берілдім»Топурия», - деп жазды Царукян.
Гэтжи мен Топурия арасындағы чемпиондық кездесу Вашингтонда өткен UFC Freedom 250 турнирінің басты жекпе-жегі болды. Төртінші раундтан кейін Топурияның бапкерлер штабы спортшының алған ауыр соққыларына байланысты жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Нәтижесінде Гэтжи техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, UFC ұйымының жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін иеленді. Бұл Топурияның кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісі болды.