locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Неймардың алаңға оралуының ықтимал мерзімі белгілі болды

Жұлдызды бразилиялық алғашқы матчқа дайын бола ала ма?
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Неймардың алаңға оралуының ықтимал мерзімі белгілі болды
ФОТО: Getty Images

Неймар 2026 жылғы әлем чемпионатына Бразилия құрамасына шақырылғанымен, жарақат алған еді, ал қазір оның алаңға қайтып оралуына қатысты жаңа мәлімет пайда болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Globo басылымының деректеріне сәйкес, шабуылшы Бразилияның мундиалдағы алғашқы матчына дейін қалпына келуі мүмкін.

Бастапқыда Неймар Гаитиге қарсы ойынға ғана үлгереді делінген, бірақ енді ол тіпті бұдан ерте, яғни Бразилия үшін турнирдегі алғашқы кездесу – Мароккомен ойынға да дайын болуы ықтимал. Егер оның сауығуы жоспарға сай өтсе, Неймар толық бабында алаңға шығуы мүмкін.

Егер бразилиялық футболшы қосымша қиындықтарға тап болмаса, бұл мундиаль оның мансабындағы төртінші әлем чемпионаты болмақ. Бұған дейін ол 2014, 2018 және 2022 жылдардағы әлем чемпионаттарында ойнаған.

2026 жылғы әлем чемпионатында Бразилия құрамасы C тобында сынға түседі. Қарсыластары – Марокко, Гаити және Шотландия.

Бұған дейін Бразилия құрамасы Неймарға қатысты шешімін жариялаған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie