locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бразилия құрамасы ӘЧ-2026 алдында Неймарға қатысты шешім қабылдады

Бразилия құрамасы ӘЧ алдында Неймардың жағдайы туралы мәлімдеме жасады
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Бразилия құрамасы ӘЧ-2026 алдында Неймарға қатысты шешім қабылдады
ФОТО: Getty images

Бразилия құрамасы әлем чемпионаты-2026 қарсаңында Неймардың жағдайына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Соңғы күндері бразилиялық жұлдыздың денсаулығына байланысты алаңдаушылық күшейген еді. Бұған футболшының ұлттық құраманың бір жаттығуына қатыспауы себеп болды.

Бразилия құрамасы не мәлімдеді

Бразилия футбол федерациясы Неймардың МРТ тексеруінен өткенін хабарлады.

Ресми мәлімдемеде футболшының қалпына келу процесі жоспарға сай өтіп жатқаны айтылды.

«Неймар дүйсенбі күні МРТ тексеруінен өтті. Нәтижелер оның емделу процесі күтілген деңгейде жақсы жүріп жатқанын көрсетті», - делінген федерация хабарламасында.

Сондай-ақ Неймардың алдағы уақытта ұлттық құраманың медициналық штабы бақылауымен жеке бағдарлама бойынша жаттығатыны белгілі болды.

Бұған дейін бразилиялық Globo басылымы шабуылшының балтыр бұлшықетінде мәселе пайда болғанын жазған еді. Сол себепті Неймар сәрсенбідегі жаттығуға қатыспай, түнгі бірге дейін медициналық тексерулерден өтті.

Тіпті БАҚ мәліметінше, дәрігерлер Неймарды толық тексеру үшін жергілікті клиниканы уақытша толық жауып тастаған.

Неймар төртінші әлем чемпионатына дайындалып жатыр

Егер футболшы толық қалпына келсе, алдағы мундиаль оның мансабындағы төртінші әлем чемпионаты болмақ.

Бұған дейін Неймар 2014, 2018 және 2022 жылғы әлем чемпионаттарына қатысқан.

ӘЧ-2026 турнирінде Бразилия құрамасы С тобында Марокко, Гаити және Шотландия құрамаларына қарсы ойнайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie