locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Неймар ӘЧ-2026 топтық кезеңінің барлық матчтарына қатыспауы мүмкін

Бразилия құрамасының көшбасшысы жарақатынан толық айыққан жоқ
Неймар ӘЧ-2026 топтық кезеңінің барлық матчтарына қатыспауы мүмкін
ФОТО: Getty images

Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі барлық матчтарды өткізіп алуы мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі журналист Нико Диас Менендеске сілтеме жасап.

Бұған дейін тәжірибелі футболшының Мароккоға қарсы алғашқы матчқа қатысуы күмән тудырған еді. Алайда соңғы мәліметтерге сәйкес, оның қалпына келу процесі күткеннен баяу жүріп жатыр.

Неймар жеке бағдарлама бойынша дайындалуда

34 жастағы шабуылшы балтыр бұлшықетінің жарақатынан кейін қалпына келу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта ол жалпы топпен жаттықпайды және жеке бағдарлама бойынша жұмыс істеуде.

Сонымен қатар Неймар қыздыру жаттығулары кезінде доппен жұмыс істей бастады. Бұл оның сауығу процесі оң бағытта жүріп жатқанын көрсетеді.

ФОТО: Getty images

Үш матч та күмән тудырып отыр

Дереккөздің мәліметінше, Неймар 14 маусымдағы Мароккоға қарсы ойынды ғана емес, Гаитимен (20 маусым) және Шотландиямен (25 маусым) өтетін кездесулерді де өткізіп алуы мүмкін.

Осылайша Бразилия құрамасының басты жұлдызы плей-офф кезеңіне дейін алаңға шықпауы ықтимал.

Бұған дейін Бразилия футбол конфедерациясы Неймардың МРТ тексеруінен өткенін хабарлаған болатын. Нәтижелер оң өзгерістер бар екенін көрсеткенімен, оның нақты қашан алаңға оралатыны әзірге белгісіз.

Өткен маусымда Неймар клуб деңгейінде 15 матч өткізіп, алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie