locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Моуринью «Реалға» оралғаннан кейінгі алғашқы матчқа баға берді

Португалиялық маман команданың ойын өрнегіне көңілі толғанын айтты, бірақ құрамның әлі толық жасақталмағанын мойындады
Моуринью «Реалға» оралғаннан кейінгі алғашқы матчқа баға берді
ФОТО: Getty images
Клубтар арасындағы жолдастық кездесу
01.08.2026, Аяқт.
Реал Мадрид
2
Фиорентина
2

Мадридтің «Реал» клубының бас бапкері Жозе Моуринью командаға қайта оралғаннан кейінгі алғашқы жолдастық кездесуге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Италияның «Фиорентинасына» қарсы өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Мадридтік ұжым алғашқы таймда екі доп айырмасымен алға шыққанымен, үзілістен кейін қарсыласына таразы басын теңестіруге мүмкіндік берді.

Жеңісті уыстан шығарып алғанына қарамастан, португалиялық маман команданың ойынына оң баға берді. Оның айтуынша, футболшылардың физикалық дайындығы әртүрлі деңгейде болса да, жас ойыншылар өз мүмкіндіктерін жақсы пайдалана білді.

«Жалпы, бүгінгі ойын маған ұнады. Мен бүгін «Реалдың» үш түрлі келбетін көрдім: тың команда, шаршаңқы команда және әбден қалжыраған команда. Жас футболшылар өте жақсы өнер көрсетті. Бірақ әзірге негізгі құрамдағы бірнеше ойыншы жетіспейді. Барлығымен бірге кемінде үш апта дайындалғым келер еді, алайда қазір ондай мүмкіндік жоқ. Винисиус, Браим және Бернарду дүйсенбі күні командаға қосылады. «Реалға» қайта оралғаннан кейінгі көңіл күйім қандай? Әзірге ерекше ештеңе сезінген жоқпын. Ең маңызды матчтар әлі алда», - деді Моуринью.

Тәжірибелі бапкер маусым алдындағы алғашқы кездесудің қорытындысы бойынша асығыс тұжырым жасауға болмайтынын да атап өтті.

«Реал» келесі жолдастық матчын 8 тамызда Венгрияның «Ференцварош» клубына қарсы өткізеді. Бұл кездесу бапкерлер штабына жаңа маусым қарсаңында команданың дайындығын тағы бір мәрте бағалап, ойыншылардың қазіргі деңгейін тексеруге мүмкіндік береді. Ал Моуринью үшін бұл 2013 жылы клубтан кеткеннен кейін, араға 13 жыл салып басталған «Реалдағы» екінші кезеңнің кезекті сынағы болмақ.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie