locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» ең дарынды буын ойыншыларының біріне көз тігіп отыр

Мадридтік клуб 17 жастағы мексикалық талантты бақылауда ұстап отыр
ФОТО: Getty Images

«Реал Мадрид» жас ойыншыларды іздеуде үнемі белсенділік танытып келеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

The Touchline мәліметінше, «лос бланкос» 17 жастағы мексикалық жартылай қорғаушы Хильберто Мораның дамуын мұқият қадағалауда. Ол «Тихуана» мен Мексика құрамасында жарқ етті.

Жас жартылай қорғаушының жедел өрлеуі назардан тыс қалған жоқ. «Реалдың» скауттары Мораның ойынына тәнті болып, клубқа жоғары баға берілген есептер ұсынды. Оның жарқын өнерінің арқасында ол мексикалық футболдағы ең үмітті ойыншылардың бірі атанып үлгерді.

Қызығушылық жоғары болғанымен, «корольдік клуб» асықпай әрекет етуде. Клуб басшылығы Мораның дамуын және тұрақты ойын тәжірибесін бірінші орынға қояды, еуропалық алпауытқа ерте ауысудан гөрі бұл қазір маңыздырақ деп есептейді.

Сондықтан жақын арада ресми келіссөздер күтілмейді. Дегенмен, «сливочныйлардың» қызығушылығы өте жоғары деңгейде қалып отыр, әрі жас мексикалықтың дамуы жалғаса берсе, әлемнің үздік клубтарының біріне ауысу – уақыттың еншісіндегі мәселе ғана болуы мүмкін.

Transfermarkt порталының бағалауынша, Хильберто Мораның нарықтық құны қазір 25 миллион еуроға жеткен.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie