locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Моуринью бапкер бола ма? «Реалдың» президенттік сайлауында жеңімпаз анықталды

Флорентино Перес клубтағы басшылық қызметін жалғастырады
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images

Мадридтік «Реалдың» президенттік сайлауында жеңімпаз анықталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Сливочныйлардың» қазіргі президенті Флорентино Перес клубтағы басшылық қызметін жалғастырады.

Перестің басты бәсекелесі испандық кәсіпкер Энрике Рикельме болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Перес сайлаушылардың шамамен 64% дауысын жинаған.

Айта кетейік, бұған дейін Флорентино қайта сайланса, бірінші команданың жаңа бас бапкері ретінде аңызға айналған Жозе Моуриньюді тағайындайтынын уәде еткен еді.

Перес 79 жаста, ол «корольдік клубтың» президенті қызметін 2000-2006 жылдары атқарды және 2009 жылы қайта сайланды. Оның басшылығымен клуб жеті рет Испания чемпионы, үш мәрте ел кубогының және жеті рет Суперкубоктың иегері атанды, сондай-ақ жеті рет Чемпиондар лигасын, алты мәрте УЕФА Суперкубогын, бес рет клубтар арасындағы әлем чемпионатын және екі мәрте құрлықаралық кубокты жеңіп алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie