locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Өмір – басты құндылық»: Шевченко Эриксеннің жағдайына қатысты пікір білдірді

Украина құрамасының аңызы Дания ойыншысына қолдау көрсетті
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images

Украина футбол қауымдастығының президенті Андрей Шевченко Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксенге қолдау білдірді, ол Украинамен өткен матчта есінен танып қалды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Дания мен Украина құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде Эриксен алаңда есінен танып қалды, соның салдарынан ойын аяқталмай қалды.

2004 жылғы «Алтын доп» иегері Дания құрамасының ойыншысына қолдау білдіріп, бүгін футбол екінші орынға ысырылғанын, ал өмір – ең басты құндылық екенін атап өтті.

«Дания құрамасының аңыз ойыншысы Кристиан Эриксенге мықты денсаулық және тез сауығып кетуін тілеймін. Өмір – ең ұлы құндылық әрі бәрінен маңызды. Трибуналардағы жанкүйерлер мен бүкіл украиналық футбол қауымдастығы сенімен, Кристиан!», – деп жазды Шевченко Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Дания құрамасының дәрігері Мортен Боэсен Эриксеннің ауруханада жағдайы тұрақты екенін және жақын арада қосымша тексеруден өтетінін мәлімдеді. Қазіргі уақытта дат ойыншысының өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Еске сала кетейік, мұндай жағдай бұған дейін де тәжірибелі хавбекпен болған: Эриксен 2020 жылғы Еуропа чемпионатында Финляндияға қарсы матчта жүрегі тоқтап қалған еді. Кейін дәрігерлер жартылай қорғаушыға кардиостимулятор орнатып, кәсіби мансабын жалғастыруға рұқсат берген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie