locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ЧМ-ның басты сенсациясы: Испания Кабо-Вердені жеңе алмады

Африкалық дебютант өте мықты қарсыластан алғашқы ұпайын алды
ЧМ-ның басты сенсациясы: Испания Кабо-Вердені жеңе алмады
ФОТО: Getty Images

Кабо-Верде құрамасы Әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын Испанияға қарсы өткізді. Матч алдында африкалықтардың тағдыры айқын көрінгенмен, алаңдағы ойын бәрін күрт өзгертті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Шынын айту керек, Луис де ла Фуэнте шәкірттері алаңда толық басымдыққа ие болып, ойынды бірінші таймда-ақ шешуге мүмкіндік алған еді – олар кемінде үш гол салатын сәттер құрды.

Кабо-Верде шабуылда өте сирек көзге түсті және африкалықтар алғашқы дәл соққысын 90-минутта ғана жасап үлгерді.

Соған қарамастан, олар өз қақпаларын аман сақтап қалды — Әлем чемпионатындағы дебют Испаниямен құрғақ тең нәтижеге ұласты.

Футбол, Әлем чемпионаты

Испания — Кабо-Верде — 0:0

Екінші турда Испания Сауд Арабиясымен, ал Кабо-Верде Уругваймен кездеседі.

Фото: Getty Images
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie