Испания мен Кабо-Верденің тарихи тең ойынының бейнешолуы
Дүниежүзілік чемпионаттың бастауында «қызыл фурияның» айтарлықтай сәтсіздігі
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
Әлем чемпионатының топтық кезеңінің бірінші турындағы матчта Испания құрамасы Кабо-Вердені жеңе алмады, 0:0 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бастаманы негізінен Луис де ла Фуэнте шәкірттері ұстады – олар қарсылас қақпасына 27 соққы (оның жетеуі қақпаға дәл тиді) бағыттады. Ферран Торрестің соққысы маңдайшаға тиді, Марк Кукурелья да бірнеше қауіпті соққы жасады, бірақ бұлардың ешқайсысы нәтижеге жеткізбеді.
Өз кезегінде, Кабо-Верде нағыз қауіпті сәтті тек 90-минутта ғана жасады – алыстан бағытталған соққы Испания ойыншысына тиіп, бұрыштамаға кетті. Командалар алаңға нөлдік есеппен шыққандай, осылайша ойын да нөлдік нәтижемен аяқталды.
Кездесудің бейнешолуы назарларыңызда: