Рыбакина Instagram парақшасын «өшіруінің» себебін түсіндірді
WTA 500 Лондон турнирінен Кэти Бутлерден ұтылып қалғаннан кейін, Елена Рыбакина Instagram парақшасын шектеп, әлемнің екінші ракеткасы бұл шешімін Sports24.kz порталына түсіндірді.
Рыбакина осы оқиғадан соң әлеуметтік желілерде аз уақыт өткізуге бел буғанын айтты:
«Шынымды айтсам, бұған бақылау жасау мүмкін емес. Әрине, бұл аса жағымды емес. Әдетте, мен оған қатты мән бермеймін, бірақ сол сәтте тым артық кетті.
Бұл — жұмысымыз. Бізде жарияланатын көптеген посттар да осы қызметімізбен байланысты. Сосын ойладым: егер адамдар, ақша жоғалтып, өздерін ұстай алмаса, олардың пікір қалдыруына мүмкіндік бермей-ақ қояйын, кейін аккаунтымды қайта қайтарып аламын дедім.
Сондықтан өзіме: «Жарайды, осылай жасаймын» деп шештім. Маған әлеуметтік желіде уақытты аз өткізген дұрыс», — деді Рыбакина.
Еске сала кетейік, Бутлермен матчтан кейін Қазақстанның бірінші ракеткасы қорқытуларға толы хабарламалар ала бастаған еді. Осыдан соң ол Instagram парақшасын өшіріп, біраз уақыттан кейін қайта қосқан, бірақ енді белгілі бір шектеулермен: оған пікір қалдыруға болмайды, сондай-ақ оны стористе белгілеу мүмкін емес.