locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дания құрамасының дәрігері Эриксен туралы мәлімдеме жасады

Футболшы ауруханада тұрақты жағдайда жатыр
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: x.com/Footballtweet

Дания мен Украина құрамалары арасындағы бақылау матчында алаңдатарлық оқиға орын алды: Кристиан Эриксен алаңда есінен танып қалды, осыған байланысты кездесу аяқталмай қалды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Дания құрамасының дәрігері Мортен Боэсен жартылай қорғаушының жағдайына қатысты жедел мәлімдеме жасады. Футболшы ауруханада тұрақты жағдайда және жақын арада қосымша тексеруден өтеді.

Эриксеннің жағдайы тұрақты

«Кристиан өзін жақсы сезінуде және алаңды өз аяғымен тастап кетті. Менің байқауымша, кардиостимулятор дәл қажет сәтте жұмыс істеді. Ол қысқа уақытқа есінен айырылды, бірақ тез арада өз-өзіне келді, біз онымен жедел байланысқа шықтық.

Қазір ол ауруханада қосымша тексеруден өтеді, бұл оқиғаның себебін анықтау үшін. Біз үнемі онымен және госпитальдегі дәрігерлермен байланыстамыз.

Бірақ Кристиан өзін жақсы сезінеді, және ол барлық ойыншыларға сәлем айтып, бәрі жақсы екенін жеткізуімді сұрады», – деді дәрігер.

Евро-2021-дегі дежавю

Айта кетейік, мұндай жағдай Кристианның басынан 2021 жылы да өткен болатын: Эриксен Еуро-2020 турниріндегі Финляндияға қарсы матчта жүрек тоқтауын бастан өткерді. Кейін дәрігерлер оған кардиостимулятор қойып, мансабын жалғастыруға рұқсат берді.

Ол футболға сегіз айдан кейін «Брентфорд» Премьер-лига клубына ауысып оралды, ал келесі маусымда «Манчестер Юнайтедке» өтті. «Юнайтед» сапында ол Англия кубогы мен Англия футбол лигасы кубогын жеңіп алып, 2024–25 маусымынан кейін клубтан кетті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie