Бельгия — Египет: командалардың бастапқы құрамдары, матчты қайдан көруге болады
Барлық жұлдыздар, соның ішінде Мохамед Салах, сапта
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
15 маусымнан 16-на қараған түні Бельгия мен Египет құрамалары арасында әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі матч өтеді. Бұл кездесуге командалардың бастапқы құрамдары белгілі болды.
Бельгия сапында Ромелу Лукаку қосалқы құрамда қалады — ол наурыз айының басынан бері «Наполи» үшін алаңға шыққан жоқ. Ал басқа жұлдыздар — мысалы, Мохамед Салах, Омар Мармуш және Тибо Куртуа негізгі құрамда алаңға шығады.
- Сондай-ақ оқыңыз: Тунис Швециядан жеңілген соң бас бапкерін қызметінен босатты
Құрамдар келесідей:
- Бельгия: Куртуа, Менье, Нгой, Мехеле, Кастань, Онана, Тилеманс, Доку, Де Брёйне, Троссард, Де Кетеларе
- Египет: Шобейр, Хани, Ибрагим, Фати, Фатух, Лашин, Аттия, Салах, Ашур, Зико, Мармуш
Сиэтл стадионындағы алғашқы ысқырық дәл 16 маусымға қараған түні сағат 00:00-де естіледі. Матчтың тікелей көрсетілімі Qazsport телеарнасында болады.