locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Григорий Бабаян Башичтің әлем чемпионатындағы дебютіне пікір білдірді

Маман турнирдегі өз фавориттерін атады
ФОТО: Getty Images

"Астана" командасының бас бапкері Григорий Бабаян футболдан әлем чемпионатында елордалық клубтың жартылай қорғаушысы Иван Башич өнер көрсететін Босния және Герцеговина құрамасына жанкүйер болатынын айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Айта кетейік, "Астана" мен Босния және Герцеговина құрамасының жартылай қорғаушысы Иван Башич – қазіргі уақытта мундиалда өнер көрсетіп жатқан Қазақстан чемпионатындағы жалғыз өкіл. Бұған дейін ол ұлттық құрамасымен бірге Канадаға қарсы кездесуде 1:1 есебімен тең түсті. Башич босниялықтардың бастапқы құрамында алаңға шықты.

«Босния — фаворит, Башичпен байланыстамын, матчтан кейін сөйлестік. Әрине, Франция да – өте үйлесімді команда болғандықтан фаворит. Сонымен қатар, көршілеріміз өзбектерге де жанкүйерміз, олар әлі алғашқы ойынын өткізген жоқ, бірақ біз оларға тілеулеспіз. Осы үш команда — менің фавориттерім, солар үшін уайымдаймын», – деді Бабаян.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтуде.

Матчтардың кестесі мен турнирлік кестені осы жерден көруге болады.

Бұған дейін белгілі қазақстандық футбол функционері және маман Булат Есмагамбетов әлем чемпионатындағы Өзбекстан ұлттық құрамасының мүмкіндіктерін бағалаған болатын.

Орталық Азия өкілдері турнирде К тобында Португалия, ДР Конго және Колумбиямен бірге өнер көрсетеді. Өзбекстан құрамасының алғашқы матчы 17 маусым күні Мехикодағы «Ацтека» стадионында өтеді, қарсылас – Колумбия. Ойынның басталуы – Қазақстан уақытымен 07:00.

ФОТО: Getty Images
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie