locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Илия Топурия – Джастин Гэтжи. Онлайн көру

Топурия – Гэтжи: UFC Freedom 250 турнирінің басты жекпе-жегін қайдан көруге болады
Илия Топурия – Джастин Гэтжи. Онлайн көру
ФОТО: Getty images

15 маусым күні Вашингтонда UFC Freedom 250 турнирі өтеді. Кештің басты оқиғасы жеңіл салмақтағы чемпион Илия Топурия мен америкалық файтер Джастин Гэтжи арасындағы жекпе-жек болмақ, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алдағы турнир аралас жекпе-жек тарихындағы ерекше оқиғалардың бірі ретінде бағалануда. UFC алғаш рет өз турнирін АҚШ президентінің ресми резиденциясы - Ақ үй аумағында өткізбек.

Жекпе-жек қарсаңында екі спортшы да салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Топурия мен Гэтжи 155 фунт (70,3 келі) көрсетіп, жеңіл салмақ дәрежесінің лимитіне толық сай келді.

  • Жекпе-жектің барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады

Жеңілістің не екенін білмейтін Топурия үшін бұл чемпиондық мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеуге мүмкіндік болмақ. Грузиялық файтердің еншісінде 17 жекпе-жек пен 17 жеңіс бар. Ол соңғы рет 2025 жылдың маусымында октагонға шығып, Чарльз Оливейраны бірінші раундта нокаутқа түсірген еді.

Ал Гэтжи UFC-дегі ең қауіпті әрі әсерлі файтерлердің бірі саналады. Америкалық спортшы кәсіби мансабында 27 жеңіске жетіп, бес рет жеңілген. Соңғы кездесуінде ол Пэдди Пимблетті төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.

UFC Freedom 250 турнирі 15 маусым күні Астана уақытымен өтеді. Негізгі кард таңғы уақытта басталады, ал Топурия мен Гэтжи арасындағы басты жекпе-жек шамамен сағат 08:00-де басталады деп күтілуде. Турнирдің тікелей трансляциясы UFC ұйымының ресми платформаларында көрсетіледі.

ФОТО: Getty images
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie