locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Карпович төрешінің әрекеті туралы шок мәлімдеме жасады

«Елімайдың» бас бапкеріне қоқан-лоққы көрсетілді
ФОТО: Елимай

«Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович «Ордабасыға» қарсы матчтан кейін төрешінің өзіне қатысты орынсыз сөздер айтқанын мәлімдеді (1:3).

Сондай-ақ, бапкердің айтуынша, Арман Исмуратов оған матчтан кейін қоқан-лоққы көрсеткен.

«Рефери мені үш әріпке жіберді. Мұның бәрі анық көрініп, естіліп тұрды. Біз оған ешқандай орынсыз сөз айтқан жоқпыз. Бүгін ол біздің қаламызды, облысымызды қорлады. Тағы да, маусым соңына дейін «Елімайға» қарсы жұмыс істейтінін айтты.

Жеке өзімді бір жерде «жыртып жіберемін» деп қорқытты. Мұндай бассыздықты рефери тарапынан бірінші рет көруім. Бұл шектен шыққан жағдайды жұрттың бәрі білсе деймін. Футболда мұндайға жол берілмеуі керек. Төрешілер өте маңызды адамдар, бірақ олар осылай жұмыс істеп, сөйлейтін болса, не айтарымды білмеймін», — деді Карпович ойыннан кейін.

КПЛ-дің 13-турындағы «Елімай» — «Ордабасы» матчында бас төреші міндетін Арман Исмуратов атқарды. Семейде өткен ойын шымкенттіктердің айқын жеңісімен 3:1 есебімен аяқталды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie