«Ордабасы» титулға жақын: КПЛ турнирлік кестесі 13-турдан кейін
Өткен демалыс күндері Қазақстан Премьер-лигасының 13-туры аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
13 турдан кейін элиталы дивизионда «Ордабасы» сенімді түрде көш бастап тұр. «Қайраттың» сүрінуінен кейін «Ордабасы» мен қазіргі чемпион арасындағы айырмашылық төрт ұпайға дейін ұлғайды, әрі шымкенттіктердің қорында бір ойын бар. Теориялық тұрғыда бұл алшақтық жеті ұпайға дейін өсуі мүмкін.
Үздік үштікті «Ордабасы» тұйықтап тұр, олар «Қайраттан» үш ұпайға қалып келеді және бір ойынға кем өткізген. Сондықтан Рафаэль Уразбахтин командасының екінші орны да қауіп астында.
«Астана» төртінші орында орналасқан, «Елімай» алтыншы, «Ақтөбе» жетінші сатыда. Аутсайдерлер үштігі келесідей: «Ертіс» пен «Алтай» (әрқайсысында 9 ұпай), «Каспий» – 8 ұпай.
