locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО: Германия Кюрасаоны қалай тас-талқан етті – 2026 жылғы ӘЧ-де

Бундестим әлсіз қарсыласын 7:1 есебімен күйретті
ФОТО: Getty Images

2026 жылғы әлем чемпионатының Е тобының бірінші турында Германия мен Кюрасао құрамалары кездесті, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Жаһандық біріншіліктің дебютанттары үшін ойын суық душпен басталды: Бундестим сапынан Нмеча есепті ашып, 6-минутта Германияны алға шығарды.

Дегенмен, шағын арал елінің намысын қорғаған «Цюрих» ойыншысы Ливано Комененция Кюрасаоға әлем чемпионаттарындағы тарихи голды соғып, таразы басын теңестірді.

Бұдан кейін алаңда бір ғана команда үстемдік етті. Германия қарсыласының қақпасына тағы бес гол соқты. Дәл соққылар Шлоттербек, Хаверц, Мусиала, Браун және Ундавтың еншісіне жазылды. Ал Хаверц дубль авторы атанып, есепті қорытындылады. Хьюстонда өткен ойын 7:1 есебімен немістердің ірі жеңісімен аяқталды.

Келесі турда Германия Кот-д’Ивуармен кездессе, Кюрасао Эквадормен ойнайды.

2026 жылғы ӘЧ

Е тобы

Германия – Кюрасао 7:1

Голдар: Нмеча, 6, Шлоттербек, 38, Хаверц, 45+1, 88 (пенальти), Мусиала, 47, Браун, 68, Ундав, 78 – Комененция, 21

ФОТО: Getty Images
ФОТО: Getty Images
ФОТО: Getty Images
ФОТО: Getty Images
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie