locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Last dance» – Еркін Тапалов «Қайраттан» кететінін мәлімдеді

Еркін Тапалов Конференция лигасындағы жеңіс голынан кейін «Қайраттан» кететінін хабарлады
Футбол
«Last dance» – Еркін Тапалов «Қайраттан» кететінін мәлімдеді
ФОТО: Қайрат ФК
Конференция лигасы
26.11.2026, Аяқт.
Кайрат
1
Мяльбю
0

Қазақстан футбол құрамасының қорғаушысы Еркін Тапалов алматылық «Қайраттан» кететінін растады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Тапалов Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда швециялық «Мьельбюге» қарсы матчтың қаһарманы атанды. Оның голы «Қайратқа» 1:0 есебімен минималды жеңіс сыйлады.

«Бұл менің соңғы ойыным екенін айттым ғой. Бұл — менің «Last dance»-ім. Әрине, осындай матчта гол соққаныма өте қуаныштымын», – деді Тапалов Sports24.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Өткен маусымда Тапалов «Қайрат» жейдесімен 40 матч өткізіп, бес нәтижелі пас берді.
Алматылықтар еуропалық аренадағы келесі матчын 10 желтоқсанда өткізеді. Қазақстандық клуб өз алаңында Крайовадан келген румыниялық «Университатяны» қабылдайды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie