Суперкомпьютер «Қайрат» - «Мьельбю» матчінің фаворитін атады
Бүгін, 26 қарашада, алматылық «Қайрат» швециялық «Мьельбюмен» кездеседі. Матч алдында Football Meets Data суперкомпьютері текетірестің нәтижесіне болжам жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Модель есептеулеріне сәйкес, кездесудің фавориті — «Қайрат». Қазақстандық команданың жеңіске жету ықтималдығы 48 пайызға бағаланып отыр. «Мьельбюдің» жеңіске жету мүмкіндігі — 27 пайыз, ал матчтың тең аяқталу ықтималдығы — 25 пайыз.
Суперкомпьютер қос команданың да күтілетін гол көрсеткішін болжады. «Қайрат» үшін бұл көрсеткіш — 1,6 гол, ал швециялық клуб үшін — 1,2 гол. Кездесудегі жалпы күтілетін гол саны — 2,7.
Матчта 2,5 голдан көп соғылу ықтималдығы 55 пайызды құрайды. Екі команданың да гол соғу мүмкіндігі 57 пайызға бағаланып отыр.

Еске салайық, кездесу Қазақстан уақытымен 20:30-да басталады. Үш турдан кейін «Қайраттың» еншісінде екі ұпай бар. Алматылықтар алдыңғы матчта сырт алаңда италиялық «Аталантамен» тең ойнады (1:1).
«Мьельбю» бұл кездесуге жеті ұпаймен келеді. Өткен турда швециялық команда өз алаңында босниялық «Борацты» 2:0 есебімен жеңді.
«Мьельбюмен» матчтан кейін «Қайрат» румыниялық «Университатя» (Крайова) және нидерландтық «Твентемен» кездеседі. Швециялық клуб кипрлік «Пафоспен» және италиялық «Аталантамен» ойнайды.
«Қайрат» - «Мьельбю»: Конференциялар лигасы матчын онлайн көру: тікелей трансляция