locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Арутюнян «Қайраттың» Еуропадағы алғашқы жеңісі туралы пікір білдірді

Бапкер «Мьельбюмен» өтетін матчтан не күтетінін айтты
Футбол
Арутюнян «Қайраттың» Еуропадағы алғашқы жеңісі туралы пікір білдірді
ФОТО: ФК «Кайрат»

«Қайрат» клубының бас бапкері міндетін атқарушы Жора Арутюнян Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда швециялық «Мьельбюге» қарсы өтетін матч алдындағы команданың көңіл күйі туралы айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Арутюнян команданың жанкүйерлер қолдауына үміт артатынын айтып, италиялық «Аталантамен» өткен кездесуден кейін құрам мен тактикалық сызбаға өзгерістер енгізуге дайындалып жатқанын жеткізді.

«Ертең қаламыз бен стадионымыз бізге көмектеседі деп үміттенеміз. Тактика туралы егжей-тегжейлі айтпай-ақ қояйық. «Аталантамен» өткен ойыннан кейін құрамда да, сызбада да белгілі бір өзгерістер болады. Шабуылда бізге өте қиын болды, енді қорғаныста ғана емес, алғы шепте де жақсы ойнағымыз келеді», - деді бапкер.

Сондай-ақ маман футболшылар клубтың еурокубоктардағы алғашқы тарихи жеңісіне қол жеткізуге бел буғанын атап өтті.

«Әсіресе соңғы аптаға қарап айтарым: футболшылардың жаттығудағы қарқынынан «Қайрат» үшін Еуропадағы алғашқы жеңіске жетуді бәрі қалайтыны көрініп тұр. Біз де осы тарихи жеңісті қанжығалауға барынша ынталымыз», - деп қосты Арутюнян.

Еске салайық, «Қайрат» - «Мьельбю» матчы 26 қарашада Алматыда өтеді. Үш турдан кейін қазақстандық команда 2 ұпай жинап, турнир кестесінде 27-орында тұр. Ал швециялық ұжым жеті ұпаймен 9-сатыға жайғасқан.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie