locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайрат» еурокубоктердің негізгі кезеңінде тарихта алғаш рет жеңіске жетті

Еркін Тапаловтың голы алматылықтарға тарихи жеңіс сыйлады.
Футбол
ФОТО: Қайрат ФК
Конференция лигасы
26.11.2026, Аяқт.
Кайрат
1
Мяльбю
0

Алматылық «Қайрат» УЕФА Конференциялар лигасында тарихи жеңіске жетті. Жалпы кезеңнің төртінші турында қазақстандық клуб Алматының Орталық стадионында швециялық «Мьельбюді» 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алматылықтар кездесуді белсенді бастап, 14-минутта есеп ашты. Еркін Тапалов айып алаңының ішінен дәл соққы жасап, допты қақпаның жақын бұрышына бағыттады.

Гол жіберіп алғаннан кейін шведтер бастаманы қолға алып, бірнеше қауіпті сәт туғызды. Алайда Темірлан Анарбековтың сенімді ойыны алаң иелеріне үзіліске дейін басымдықты сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Екінші таймда екі команда да есепті өзгертуге мүмкіндік алды. Ойва Юккола алматылықтардың басымдығын еселей жаздады, бірақ допты қақпа бағанына тигізді. Ал Анарбеков бірнеше рет әріптестерін құтқарып, қонақтардың есепті теңестіруіне жол бермеді.

Нәтижесінде сары-қаралар минималды басымдығын сақтап, клуб тарихында алғаш рет еурокубоктердің негізгі кезеңінде жеңіске жетті.

Конференциялар лигасы. Жалпы кезең. 4-тур
«Қайрат» (Қазақстан) – «Мьельбю» (Швеция) – 1:0 (1:0)
Гол:
Тапалов, 14 (1:0).

Алматылықтар еурокубоктегі келесі кездесуін 10 желтоқсанда өткізеді. Қазақстандық клуб өз алаңында румыниялық Крайовалық «Университатяны» қабылдайды.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie