locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайраттың» бұрынғы капитаны «Мьельбюмен» матч алдында клубтың қиындықтары барын ескертті

26 қарашада қазақстандық клуб Конференциялар лигасында Швецияның үздік клубтарының бірімен кездеседі
Эксклюзивтер
«Қайраттың» бұрынғы капитаны «Мьельбюмен» матч алдында клубтың қиындықтары барын ескертті
ФОТО: Getty Images

«Қайраттың» бұрынғы футболшысы Илья Воротников алматылық клубтың УЕФА Конференциялар лигасы жалпы кезеңінің төртінші турында швециялық «Мьельбюге» қарсы өтетін алдағы матчтағы мүмкіндігін бағалады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Еске салайық, Конференциялар лигасы жалпы кезеңінің төртінші турындағы «Қайрат» пен «Мьельбю» матчы 26 қарашада Алматыда өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 20:30-да басталады.

«Матчқа қатысты болжам айту қиын, әсіресе қысқы футболды ескерсек: Қазақстан чемпионатының аяқталғанына жарты ай болды. «Қайрат» бұл ойынға психологиялық тұрғыдан ең жақсы жағдайда келіп отырған жоқ. Оның үстіне, команда бапкерсіз қалды, ал маусым қорытындысы көңіл көншітпейді — олар мұндай нәтижеге үміт артпаған еді. Жақсы жолдастық матчтар да көптен бері болған жоқ, ал ұлттық құрамаға шақырылған ойыншылар негізгі құрамнан бөлек жаттығып жүр. Тұрақты чемпионат болмаған кезде бабында қалу өте қиын. Мұның психологиялық тұрғыдан да ауыр тиетіні анық, өйткені оларды екі жылға жуық уақыт бойы демалыссыз ойнап жүр деуге болады. Былтыр олар еурокубоктарда күз бойы ұзақ өнер көрсетті, биыл да солай, сондықтан толыққанды демалысқа қол жеткізе алмайды. Мұның психологиялық та, физикалық та тұрғыдан қаншалықты қиын екенін өз тәжірибемнен білемін. Оның үстіне, былтыр олар мұның бәрін чемпион атанған команда ретінде бастан өткерсе, қазір психологиялық жағдайы да мәз емес», — деді Илья Воротников.

Ойын «Қайратқа» едәуір қиындық туғызуы мүмкін

Сарапшы швециялық клуб қазір бабында екенін және алаңға тың күйде шығатынын атап өтті.

«Меніңше, бұл матчта басымдық «Қайрат» жағында емес. Бірақ біз нағыз жанкүйер ретінде «Қайратқа» жанкүйер болып, оған алаңдаймыз. «Қайратқа» оңай болмайды, қиын матч күтіп тұр. Оның үстіне, қысқы футбол дегеніміз — Солтүстік Еуропа елдеріне тән футбол. Қызықты, күрделі әрі тартысты қарсыласу болады. Дегенмен, біз бұл ойынға оптимизммен қарап, оң нәтижеден үміт күтеміз», — деді Илья Воротников.

«Қайрат» Конференциялар лигасында нешінші орында?

Жалпы кезеңнің үш турында «Қайрат» екі ұпай жинап, турнир кестесінде 27-орында тұр. Айта кетейік, Конференциялар лигасының алдыңғы турында «Қайрат» сырт алаңда италиялық «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті. Тілшілеріміз «Қайраттың» Бергамоға жасаған тарихи сапары туралы көлемді видеоблог дайындады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie