locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайраттың» «Мьельбюді» жеңген тарихи матчының бейнешолуы

«Қайрат» Конференция лигасында тарихи жеңіске жетті
Футбол
«Қайраттың» «Мьельбюді» жеңген тарихи матчының бейнешолуы
ФОТО: Қайрат ФК
Конференция лигасы
26.11.2026, Аяқт.
Кайрат
1
Мяльбю
0

Алматыда 2026/27 жылғы маусымдағы Конференция лигасының жалпы кезеңінің төртінші туры аясында «Қайрат» швециялық «Мьельбюді» қабылдады. Орталық стадионда өткен кездесу қазақстандық команданың 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жора Арутюнянның шәкірттері алғашқы минуттардан-ақ қарсыласына өз ойын мәнерін таңып, 14-минутта есеп ашты. Марк Гуаль айып алаңына еніп, Еркін Тапаловқа қолайлы мүмкіндік жасады. Қазақстандық футболшы допты Александр Лундин қорғаған қақпаның жақын бұрышына бағыттады.

Гол жіберіп алған шведтер біртіндеп ойын тізгінін өз қолына алып, алаң иелерінің қорғанысына жиі қауіп төндіре бастады. Алайда Темірлан Анарбековтің сенімді ойынының арқасында алматылықтар үзіліске дейін басымдығын сақтап қалды.

Екінші таймда қос команда да шабуылға көбірек көңіл бөлді. Ойва Юккола айып алаңының сыртынан жойқын соққы жасап, допты қақпа маңдайшасына тигізді. Осылайша, «Қайрат» есепті еселеуге жақын болды.

Кездесудің соңғы минуттары ерекше тартысты өтті. Қонақтар қысымды күшейткенімен, Темірлан Анарбеков матчтың басты қаһарманына айналды. Қазақстандық қақпашы жақын қашықтықтан жасалған бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, шведтердің таразы басын теңестіруіне мүмкіндік бермеді.

Төрешінің финалдық ысқырығы тарихи нәтижені тіркеді – «Қайрат» өз тарихында алғаш рет еурокубоктердің жалпы кезеңінде жеңіске жетті.

Осы жеңістің арқасында алматылықтар Конференция лигасының төрт турында бес ұпай жинап, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін арттырды.

Қазақстандық команда еурокубоктегі келесі кездесуін 10 желтоқсанда өткізеді. «Қайрат» Алматының Орталық стадионында Румынияның Крайова қаласынан келген «Университатяны» қабылдайды.

Назарларыңызға «Қайрат» – «Мьельбю» матчының бейнешолуын ұсынамыз.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie