Ресей World Boxing ұйымының толыққанды мүшесі атанды
Ресей бокс федерациясы World Boxing халықаралық ұйымының толыққанды мүшесі атанды. Тиісті шешім 20 қарашада Панамада өткен IV жыл сайынғы конгресте қабылданды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Толыққанды мүшелік Ресей федерациясына World Boxing конгрестерінде дауыс беруге мүмкіндік береді. Енді оның өкілдері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешім қабылдауға басқа ұлттық федерациялармен тең дәрежеде қатыса алады.
Іс-шарада Ресей тарапының атынан Ресей бокс федерациясы бас хатшысының орынбасары Андрей Истомин қатысты. Ол конгрестің қорытындысын баяндап, қабылданған шешімнің маңызын атап өтті.
«Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Александр Беспутиннің тапсырмасымен конгреске қатыстық. Екі күн бойы көптеген мәселе қаралды. Біз үшін ең маңызды нәтиже — Ресей бокс федерациясының World Boxing ұйымына толыққанды мүше болып қабылдануы. Бұл шешімді елдердің басым бөлігі қолдап дауыс берді», - деді Истомин.
Айта кетейік, World Boxing ұйымы 2023 жылы құрылды. Ұйым әуесқой боксты дамыту және оның Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақталуына қатысты мәселелермен айналысады. 2025 жылғы қарашада ұйым президенті болып қазақстандық Геннадий Головкин сайланды.