locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алматыда жаңа футбол клубы пайда болады — инсайд

Жаңа команданы Қазақстанның Екінші лигасына қосуды жоспарлап отыр
Футбол
Алматыда жаңа футбол клубы пайда болуы мүмкін — инсайд
ФОТО: amanvibe.kz

Қазақстан футболында тағы бір кәсіби клуб пайда болуы мүмкін. Алматыда «Алматы» ФК деп аталатын жаңа команда құрылып жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz инсайдерлік Telegram-арна AmanVibe-ке сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, жаңа жобаның өкілдері команданы Қазақстан чемпионатының Екінші лигасына қосу ниетімен Қазақстан футбол федерациясына (ҚФФ) өтініш білдірген.

Құрамды негізінен Бірінші лигада ойнаған тәжірибелі футболшылардан жасақтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ клуб QJ League-тің болашағынан үміт күттіретін түлектеріне де сенім артады.

Сонымен қатар жаңа жоба Қазақстан футболындағы күші жағынан үшінші дивизионға қатысумен шектелмек емес. Дебюттік маусымның өзінде команда алдына Бірінші лигаға жолдама алу міндеті қойылмақ.

«Алматы» ФК толықтай жекеменшік жоба болатыны да атап өтілді. Клуб мемлекеттік қаржыландыру алмайды.

Осылайша, Алматыда алғашқы маусымынан-ақ жоғары дивизионға көтерілу үшін күресуді көздейтін тағы бір кәсіби футбол командасы пайда болуы мүмкін.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie